
Астанада өткен имамдар форумы аясында "Құдайы аста ысырапқа жол бермеу" құжаты қабылданды.
Ол – құдайы ас беруде қарапайымдылықты сақтау, шариғат пен ұлттық дәстүр үйлесімін қалыптастыру, қоғамда көрініс беріп отырған ысырапшылдық пен бәсекелестіктің алдын алу бағытында жол көрсететін маңызды құжат.
Оның аясында имамдар қазақстандықтарды:
- отбасы құндылығын сақтауда, асыл дініміз бен салт-дәстүрімізде көрсетілген ер мен әйелдің өзіне жүктелген міндеттері мен ұрпақ тәрбиесіне бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге;
- құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеуге, дініміз бен дәстүрімізді ұштастыра отырып, қарапайымдылыққа мән беруге;
- Қазақстан қоғамында дәстүрлі исламның орны мен құндылығын сақтау жолында ұлттық, рухани тұтастықтың тірегіне қызмет етуде белсенді болуға шақырды.
Еске салайық, қазір қолданыста "Ас беру мәдениеті" атты концептуалды құжат бар. Оның ережелері туралы Информбюроның материалын осы жерден оқуға болады.
Оқи отырыңыз:
- Құдайы ас беру кезінде қазақстандықтар енді қандай 7 ережені ескеруі қажет
- Конфессияаралық татулықтың қазақстандық үлгісін бүкіл әлем мойындайды – Тоқаев
Форумда, сондай-ақ "Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы" тұғырнамасы да қабылданды. Бұл құжат – отбасы институтының Исламдағы орны мен жауапкершілігін нақтылап, ата-ана мен ұрпақ арасындағы байланысты нығайтуды, иманды, тәрбиелі әрі білімді ұрпақ өсіруді басты мұрат еткен тұғырлы ұстаным.