
Жаз таяғанда жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын фестивальдер маусымы басталады. Биыл Қазақстанның бірнеше қаласында әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың басын қосатын ірі музыкалық фестивальдер өтеді. Қазақстандықтар Willy William, Craig David, Marilyn Manson және Alan Walker секілді танымал шетелдік артистердің өнерін тамашалай алады.
Осы орайда Информбюро порталы достарымен және жақындарымен бірге қайда барсам екен деп жүргендерге арнап фестивальдерге шолу жасады.
OYU Fest
2022 жылдан бері Алматыда қазақстандық артистердің басын қосатын Oyu Fest өтіп келеді. Былтыр фестиваль Астанада да өтті. Фестиваль сахнасында әншілер өнер көрсетсе, ал алаңда ойын-сауық бағдарламалары, жәрмеңке өтеді.
- өтетін күні: Алматыда – 24 мамыр, Астанада – 28 маусым;
- өтетін орны: Алматы – Первомай тоғандары, Астана – Astana гольф клубы;
- билет құны: 20 мың теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға 18 жастан асқандар ересек адаммен бірге кіру тегін. I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар мен олармен бірге жүретін бір адам да тегін кіре алады.
- артистер: Алматыда Kezeń, ALPHA, Dudeontheguitar, Орынхан, Yenlik, 6ELLUCCI, Jeltoksan, Shiza, Alem өнер көрсетеді. Хедлайнер – Дос-Мұқасан. Астанада кімдер өнер көрсететіні Алматыда фестиваль біткен соң белгілі болады.
Рахат fest
Ән мен биді, драйвты ұнатсаңыз Рахат фестивалінен қапы қалмаңыз. Фестивальде қазақстандық қана емес, шетелдік жұлдыздар да өнер көрсетеді. Қонақтарды дәмді тағамдар, ойындар, әртүрлі іс-шаралар күтеді.
- өтетін күні: 31 мамыр;
- өтетін орны: Первомай тоғандары, Tortuga демалыс аймағы;
- билет құны: кіру билеті – 25 мың теңге, трансфер – 4 мың теңге; 10 жасқа дейінгі балалар ата-анасымен тегін кіре алады.
- артистер: Willy William, Градусы тобы, Zvonkiy, Tanir & Tyomcha, Adam, HIRO, Крайм Волшебник, Colorit, Asik.
Big Summer Fest
- өтетін күні: 7 маусым;
- өтетін орны: кейін белгілі болады;
- билет құны: 11 мың теңге;
- артистер: Vladimir Dubyshkin, MC Сенечка, Omar Souleyman, Shark Revolt, Aiqap, Rasputniki, KEZEŃ, "Труд" тобы, Конус Маха, My Own Shiva, "Куда пропало солнце?", Koka x St3shyt, Валентин Прекрасный, Катаракта Каторжника және басқа да артистер өнер көрсетеді.
BEU Fest
Beu Fest Алматыда биыл бесінші рет өтеді. Фестивальде замануи қазақ музыкасының жарқын жұлдыздары өнер көрсетеді. Поп, хип-хоп, инди секілді әртүрлі жанрда өнер көрсететін артистер бір сахнада бас қосады.
- өтетін күні: 8 маусым;
- өтетін орны: "Сұңқар" шаңғы трамплиндер кешені
- билет құны: 10-12 мың теңге;
- жас шектеуі: 14 жастан бастап;
- артистер: ALPHA, Орынхан, 6ELLUCCI, Alem, V $ X V PRINCE, Kalifarniya, Ulukmanapo, Dequine, Say Mo, De Lacure, 6ELLUCCI, Мархаба Сәби, Бейбіт Қорған, ARO, Kunzharyq және kilemger.
Ретро Фест
Биыл жазда Алматыда 6-шы Ретрофестиваль өтеді. Шетелдік 14 жұлдыз бір саханада бас қосады. 90 және 2000-жылдардағы хит әндерді тыңдағыңыз келсе, бұл фестивальді жіберіп алмаңыз.
- өтетін күні: 20 маусым;
- өтетін орны: Алматы Арена
- билет құны: 19 500 теңгеден бастап;
- артистер: CC Catch, Arash, E-Type, 2 Unlimited, Рок Острова, Света, Outlandish, Captain Hollywood және тағы да басқалар.
SATISFACTION
SATISFACTION – Астана мен Алматыда ашық аспан астында өтетін жыл сайынғы би музыкасы фестивалі. Фестивальде танымал артистер мен диджейлер өнер көрсетеді. Бұл жолы көрермендерді Еуропа мен Америкадан келген жұлдызды орындаушылар қуантпақ. Музыкалық шоулармен қатар, фестиваль аясында түрлі арт-кеңістіктер, жарық шоулары және мерекелік атмосфера сыйлайтын арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады.
- өтетін күні: Алматыда – 12 шілде, Астанада – 2 тамыз.
- өтетін орны: Алматыда – Первомай тоғандары, Tortuga демалыс аймағы; Астанада – "Бейбарыс" демалыс аймағы;
- билет құны: кіру билеті – 21 мың теңге;
- жас шектеуі: 18 жастан бастап;
- артистер: Алматыда Chris Willis, DEV, Jeffrey Sutorius, Luciana, SEVEK, Reef , Quintino, Sander van Doorn өнер көрсетеді. Ал Астанаға Tocadisco, Luciana, Edward Maya, Matisse & Sadko, Akcent, Reef, Firebeatz, Benassi Bros. келеді.
ÄLEM FEST
Биыл Астанада музыка, жарық пен энергияға толы ÄLEM FEST өтеді. Бұл фестивальде қазақстандықжас өнерпаздармен қатар әлемдік деңгейдегі жұлдыздар өнер көрсетеді. Кеш хедлайнері – Craig David. Фестиваль Aspan Galaxy ұсынатын дрон-шоумен аяқталады.
- өтетін күні: 13 шілде;
- өтетін орны: Astana Arena;
- билет құны: 12 мың теңгеден бастап;
- артистер: Craig David, Садраддин, Ёлка, Alem, IOWA, Банд’Эрос, Доминик Джокер, DJ Groove.
Toyla music festival
Алматыда биыл да Toyla music festival өтеді. Былтыр қазақстандық әншілермен қоса JSMN, Иван Дорн секілді танымал шетелдік артистер өнер көрсеткен болатын. Биыл да ұйымдастырушылар фестивальді жандыратын хедлайнерлер дайындап отырғаны сөзсіз.
- өтетін күні: 9 тамыз;
- өтетін орны: Первомай тоғандары;
- билет құны: 18 мың теңге, 12 жасқа дейінгі балалар ата-анасымен тегін кіре алады;
- артистер: Фестивальде өнер көрсететін артистердің аты енді жарияланады.
Fieeesta Summer Festival
2000-жылдардағы хит әндерді тыңдап, жастық шағыңызға оралғыңыз келсе Алматыда алғаш рет өтетін Fieeesta жазғы фестиваліне келіңіз. Бұл жобаны SATISFACTION фестивалінің командасы ұйымдастырады.
- өтетін күні: 16 тамыз;
- өтетін орны: Первомай тоғандары, Tortuga демалыс аймағы;
- билет құны: 13 900 теңгеден бастап;
- артистер: Panjabi MC, Aris, Tony T, Lexter, Bellini, David Tavare, Benassi Bros. өнер көрсетеді.
Family Rock Fest
Биыл да Қазақстандағы ең ірі рок-фестиваль өтеді. Тыңдармандар үш күн бойы Қапшағай жағасында ән тыңдап, би билеп, табиғат аясында демалады. Басқа жерден келген қонақтар фестиваль аумағындағы шатырда, қонақ үйде тұрса болады.
- өтетін күні: 22–24 тамыз;
- өтетін орны: Конаев қаласы, "Песчаная коса" кешені;
- билет құны: үш күнге 12 жасға толмаған балаларға – 35 мың теңге, 12 жастан асқандарға – 65 мың теңге. Сахнаның дәл алдындағы фанзонаға өту үшін бөлек 29 мыңға билет алу керек.
- артистер: КняZz, Александр Пушной, Кино, Найк Борзов, Браво, Диана Арбенина және Ночные Снайперы, Amatory, Линда, Северный флот, Чиж & Co., Lumen, Жуки, LaScala, Tritia, Stigmata, Мураками және басқа да танымал рок-артистер.
Park Live Almaty
Алматыда 5-7 қыркүйекте үш күн қатарынан осымен екінші рет Орталық Азиядағы ең ірі музыкалық фестиваль – Park Live Almaty өтеді. Биылғы хедлайнерлер – Apashe, Marilyn Manson, Röyksopp және Alan Walker.
- өтетін күні: 5-7 қыркүйек;
- өтетін орны: Первомай тоғандары;
- билет құны: тек бір күнге – 35 мың теңге, үш күнге – 80 мың теңге;
- артистер: Хедлайнерлерден бөлек фестивальде өнер көрсететін артистердің кім екені енді жарияланады.
Пикник by Partners
Биыл Пикник by Partners фестивалі төрт қалада – Ақтау, Шымкент, Алматы және Астанада өтеді. Бұл – музыка, өнер, дәмді тағамдар мен ғажап атмосфераны біріктіретін ең танымал жазғы іс-шаралардың бірі. Қонақтарға палау мен белгілі бір сусындар тегін үлестіріледі. Фестивальге 13 жасқа дейінгі балалар тегін кіреді. Алайда бір ересек адам көп дегенде үш баланы тегін алып жүре алады.
Шымкент
- өтетін күні: 17 мамыр;
- өтетін орны: "БИИК" спорт кешені;
- билет құны: 13 500 теңге;
- артистер: DJ Aspirin, Иван Дорн.
Алматы
- өтетін күні: 14 маусым;
- өтетін орны: A Arena;
- билет құны: 16 800 теңге;
- артистер: DJ Aspirin, Иван Дорн.
Астана
- өтетін күні: 26 шілде
- өтетін орны: Astana гольф клубы;
- билет құны: 14 700 теңге;
- артистер: DJ Aspirin, Quest Pistols.
Ақтау
- өтетін күні: 26 шілде
- өтетін орны: Tetysblu;
- билет құны: 12 600 теңге;
- артистер: DJ Aspirin, Иван Дорн.