"Зейнетақыңды шешіп беремін". Алматы облысында тұрғындарды алдаған 35 жастағы әйел ұсталды

Қазіргі таңда келтірілген жалпы шығын көлемі 1,5 млн теңгеден асады.

Алматы облысында тұрғындарды зейнетақы қорындағы қаражаттарын шығарып беремін деп алдап келген алаяқ әйел ұсталды. Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аудандық полиция бөліміне бірнеше ауыл тұрғынынан шағым түскен.

"Жәбірленушілердің айтуынша, 35 жастағы әйел сенімге кіріп, зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деген сылтаумен олардың ірі көлемдегі қаражатын иемденіп кеткен. Қазіргі таңда келтірілген жалпы шығын көлемі 1,5 млн теңгеден асады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Мәжіліс рақымшылық туралы заңды қабылдады: мыңдаған адам түрмеден босап шығады


Қазір күдіктінің 40-тан астам алаяқтық дерегі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алматы қаласының тұрғыны ұсталды.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазір күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деп атап өтті департаменттегілер.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары