
Жетісу облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полат ісі бойынша үкім шықты.
Сот Ержан Жанұзақовтың үкімі бойынша:
- Абзал Шынасыл 23 жылға;
- Равиль Сакиев 20 жылға;
- Азамат Тоқтаубаев 15 жылға;
- Нұрқияс Ильясов 9 жылға;
- Шыңғыс Белқожаев 7 жылға;
- Дархан Әскентай 7 жылға;
- Нұрбол Тоқтаубаев 7 жылға;
- Дидар Қалиахметов 7 жылға;
- кәмелет жасына толмаған сотталушы 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, прокурор айыпталушыларға 7-23 жыл аралығында бас бостандығынан айыру туралы жаза сұраған болатын.
Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылғы 4 қазанда төбелес кезінде алған пышақ жарақатынан қаза болды. Осы оқиға бойынша 11 адам ұсталды. Шамамен бір аптадан кейін Шерзаттың отбасы тұратын Азат ауылындағы үйі өртеніп кетті. Бас прокуратура бұл өрттің қасақана қойылғанын хабарлады. 21 қаңтарда тергеу аяқталды. Оның аясында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынды.
Қылмыстық істің көлемі – 62 том.