Шерзат Полаттың ісі: Мемлекеттік айыптаушы Абзал Шынасылды 23 жылға, ал Равиль Сакиевті 20 жылға соттауды сұрады

Сондай-ақ, айыптаушы кәмелеттік жасқа толмаған күдіктіні 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Марқұм Шерзат Полаттың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Абзал Шынасылды 23 жылға, Равиль Сакиевті 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, айыптаушы тарап өзге айыпталушылардың 1 жыл 6 ай мерзімнен бастап 15 жылға сотталуы қажет екенін мәлімдеді. 

Бүгін, 2 маусымда, өтіп жатқан сот процесі кезінде мемлекеттік айыптаушы тарап сотталушыларға қатысты позициясын жария етті:

  • А.Н. Шынасылды ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айыру, ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 5, 9, 14-тармақтарының бойынша – 20 жылға бас бостандығынан айыру, ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1, 7, 9-тармақтары бойынша – 15 жылға бас бостандығынан айыру; ҚК 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу жолымен А.Н. Шынасылға орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 23 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындау;
  • Р.Б. Сакиев ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жылға бас бостандығынан айыру, ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 7, 9-тармағы бойынша – 15 жылға бас бостандығынан айыру; ҚК 58-бабының 4-бөлігі бойынша жазаны ішінара қосу жолымен Р.Б. Сакиевке – орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 20 жылға бас бостандығынан айыру;
  • А.М. Тоқтаубаевқа ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жылға бас бостандығынан айыру, ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша – 3 жылға бас бостандығынан айыру, ҚК 58-бабының 3-бөлігі бойынша – 9 жылға бас бостандығынан айыру, ҚК 58-бабының 6-бөлігі негізінде (ҚК 106-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы Талғар аудандық сотының 17.10.2024 жылғы үкімі) А.М. Тоқтаубаевқа жазаларды ішінара қосу жолымен орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Н.Т. Ильясов ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша – 7 жылға бас бостандығынан айыру, ҚК 60-бабына сәйкес (ҚК 107-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы, 293-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармағы бойынша 2,6 жылға бас бостандығын шектеу туралы Талғар аудандық сотының 04.04.2024 жылғы үкімі) жазаны ішінара қосу жолымен орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтей отырып 9 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Әскентай Д.Б., Тоқтаубаев Н.М., Белгожаев Ш.А. және Қалиахмет Д.Е. әрқайсысына ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша әрқайсысына орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Кәмелетке толмаған тағы бір сотталушыға ҚК 434-бабы бойынша – кәмелетке толмағандарды ұстау үшін орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтей отырып 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру тағайындалсын.

Оқи отырыңыз: Шерзаттың ағасының төбелес кезінде алған жарақаты жеңіл дене жарақаты деп бағаланды


Еске салсақ, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылғы 4 қазанда төбелес кезінде алған пышақ жарақатынан қаза болды. Осы оқиға бойынша 11 адам ұсталды. Шамамен бір аптадан кейін Шерзаттың отбасы тұратын Азат ауылындағы үйі өртеніп кетті. Бас прокуратура бұл өрттің қасақана қойылғанын хабарлады.

21 қаңтарда тергеу аяқталды. Оның аясында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынды. Қылмыстық істің көлемі – 62 том.

2 маусымда Талдықорғанда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша пікірталастар басталды. Айыпталушылар орнында тоғыз адам бар. Олардың біреуі кәмелетке толмаған. Айыпталушылардың ешқайсысы өз кінәсін толық мойындамады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары