Әрбір мұсылман отбасы құру мен оны сақтап қалуға жауапты – бас мүфти

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: ҚМДБ ресми сайты
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы. Фото: ҚМДБ ресми сайты
Ислам отбасын киелі шаңырақ ретінде сипаттайды, деді ҚМДБ төрағасы.

Павлодарда өткен "Қазақ дәстүріндегі отбасы құндылығы" республикалық танымдық конференциясында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасап, отбасы жауапкершілігі туралы айтты, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі

"Отбасы тек бір адамның емес, екі жақтың да ортақ жауапкершілігі. Ер мен әйел өз отбасына қамқор, қиындықта бірге болуға міндетті. Пайғамбармыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Шын мәнінде, әйелдеріңнің сендердің алдында және сендердің әйелдеріңнің алдында тиісті міндетттерің бар", – деп ескертті. Шын мәнінде, шариғатқа негізделген отбасы – берекенің, мейірімнің және имандылықтың ордасы", – деді ҚМДБ төрағасы. 

Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, әрбір мұсылман отбасы құру мен оны сақтап қалуға жауапты. 

"Ислам дінінде де, қазақ халқының дәстүрінде де отбасы мәселесі үлкен маңызға ие. Ислам отбасын киелі шаңырақ ретінде сипаттаса, қазақ дәстүрі отбасын ұлттық рухтың, мәдениеттің және әдет-ғұрыптың алтын бесігі деп бағалайды. Қыз бала – әдеп пен ибаның иесі ретінде, ұл бала – ел мен жердің қамқоры ретінде ерлікке, батырлыққа тәрбиеленген. Келін – жаңа түскен отбасының берекесі ретінде саналса, күйеу бала – бөтен емес, төрге шыққан құрметті адам ретінде қарастырылған", – деді бас мүфти.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары