Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылының учаскесі бір түнге жабылады

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Шығыс бағытына қарай қозғалысға шектеу қойылмайды.

Алматыда жылумен жабдықтау желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты Абай даңғылының учаскесі бір түнге жабылады. Бұл туралы "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Абай даңғылының Әуезов ауданындағы бөлігінде жылу желілерінде ілмекті-реттеу арматурасын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. 

Жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігі мақсатында 13 маусым сағат 23:00-ден –14 маусымның сағат 08:00-ге дейін Абай даңғылының бойындағы №26 үйден бастап Саин көшесіне дейін батыс бағыттағы автокөлік қозғалысы шектеледі. 

Жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалыс автобус жолағымен жүзеге асырылады. Шығыс бағытына қарай қозғалысға шектеу қойылмайды. 

"Қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде орналастырылғанын еске саламыз", – делінген хабарламада. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары